Алтыннан алғысты қымбат көретін елміз. Биылға жылы кітапхана қабырғасында қолға алынған «Бүгінгі күннің батырлары» бағдарламасы аясында алғыс айту күніне орай кітапхана ұжымы 5518 әскери бөліміне барып, «Алғыс білдіремін!» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Ұлан ғайыр қазақ жерін қорғап жүрген барлық сарбаздарға азаматтық қоғам қалыптастыруда елеулі үлес қосып қосып, жас ұрпаққа өзінің ерлігімен үлгі болып жүрген барлық әскери қызметкерлерге алғысымыз шексіз! Мерекелік шараға Абай атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері де тартылды. Кітапхана қызметкерлері тарапынан концерттік бағдарлама ұсынылып, айтулы күннің маңызы жайлы баяндалып, кітапхана қызметкері Аян Қалымбек арнау арнап, жас жауынгерлердің рухын көтерді. Сондай-ақ сарбаздарға «Киноны көрсет!», «Жұлдызыңды тап!», «Тілек Тайм» ойындары ойнатылды. Кеш соңы әсем әнмен жалғасып, 5518 әскери бөлімінің командирі подполковник М. Ертайлаков кітапхана қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.