Заманауи қазақи ою-өрнек

Заманауи қазақи ою-өрнек

Бізде темірқазықтай жол нұсқап тұратын салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, атадан балаға мирас болған ұлттық киімдеріміз бар. Сондай-ақ, асылдың сынығы саналатын «алтын тәжіміз» бар. Бүгін жастар орталығында сәнге айналған тақия жайында шеберлік сағат өтті. Шараға келген қонағымыз С. Аманжолов атындағы ШҚУ, физика және технологиялар кафедрасының өндірістік оқыту шебері Умбетова Айжан Төлеуханқызымен «Заманауи қазақи ою-өрнек» атты тақырыбында сөз өрбіді. Қазіргі трендтегі тақияларды тігуін, оны әшекейлеу барысын жастарға анықтап көрсетіп берді. Айжан Төлеуханқызы құрақ құраудың қыр-сырында айтып, өз қолынан шыққан туындыларын көрсетіп, құрақ құраудың мән-мағынасы терең екеніне тоқталды.

Share