«Аналар күні»

«Аналар күні»

Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісінде «Аналар күні» аталып өтілуде. Бұл мерекелік күні ақ жаулықты аналарға ерекше құрмет көрсетіп, перзенті үшін жанын қиюға даяр асыл жандарға алғыс айту маңызды. «Читающие дома» жобасының кезекті кездесуі осы күнге орай, көп балалы аналарды құттықтауға арналды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрымен, ананың ақ сүтімен даритыны аян. Шара барысында кітапхана қызметкерлері қатысушыларға аналардың өмірдегі қызметі, күнделікті көрсетер көмегі, анаға деген бала парызы туралы ұғымдар жайлы айтты. Бүлдіршіндер аналарына деген махаббаттарын, мейірімдерін жылы тілектерін айту арқылы білдірді. Анаға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында өмірлік жағдаяттар мысалға келтірілді. Шара соңында қатысушылар кітапхана қорындағы Оразақын Асқардың «Балаларым- бақытым» өлеңдер жинағынан үзінділер оқыды. Сондай-ақ балалар Анар Қожабекованың «Көшет», Енгин Көсеоғлұның «Сүйкімді әже» әңгімелерінің кейіпкерлері арқылы адам бойындағы үлкенге ізет, кішіге қамқор болу сияқты ізгі, асыл қасиеттерді бойларына сіңіре түсті деген ойдамыз.

Share