20 наурыз. ШҚ Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Наурызнаманың жетінші, яғни Ұлттық спорт күніне орайластырылған «Асығың алшысынан түссін…» атты дәстүр time ұйымдастырылды. Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойындарын жаңғыртуда, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылықтарын ояту мақсатында оқырмандарымыздың қатысуымен «Әке мен бала әңгімесі» атты сахналық қойылым қойылды. Әңгіме желісі арқылы балалар қазіргі ұялы телефондағы ойын мен қазақтың ұлттық ойынының қаншалықты айырмашылығы бар екендігін білді. Қойылым барысында балалар қазақтың ұлттық ойындары «Ханталапай», «Асық ату», «Бес тас» ойнап, ұлттық құндылықтарымыздың озығын көріп, рухани тәлім алды. Асық ойнау арқылы балалар дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулылды.
Шара соңында ұлттық спорт тақырыбына арналған түрлі кітаптардан үзінді оқылып, балалар көрмеде ұсынылған әдебиеттермен танысты.