Асқаров А. Тағдыр. Судьба. – Алматы: Мирас, 2022. – 576 б.

Тағдыр! Адам тағдыры! Ес біліп, ат жалын тартып мінуге жарағаннан халқының бел ортасында болып, еліне жарты ғасырдан астам адал қызмет еткен абзал азаматтың тағдыры! Иә , ширек ғасырдан астам Жамбыл, Алматы, Шымкент облыстарын басқарған Асанбай Асқаров кезінде республика ғана емес, бұрынғы Одақ көлеміндегі ірі тұлғалардың бірі еді. Қым-қуыт күрделі кезеңде көптеген көрнекті қайраткерлермен қызметтес  болды, қаншама еңбек адамдарымен дидарласып, олардың күш-қайратын шаруашылық істерге жұмылдырып отырды. Осындай халқы сүйген, халқын сүйген өнегелі азамат кейін жазықсыз жалаға ұшырады, жапа шекті. Жақсылықтың да, жамандықтың да бәрі адамдардың ортасында, қоғамдық ортада өтті. Міне, кітап сол адамдар, сол  орта  жайлы сыр шертеді.

Share