Оразақын Асқар ересектерге де, балаларға да өлең жазған көрнекті ақын. «Ауыл балалары мен қала балалары» деп даралаумыз шартты ұғым. Ол бөлу емес, қайта тұтастырып, қоса түсу. Әдетте ауыл баласы «барсам» деп қаланы аңсайды. Қала баласы «көрсем» деп ауылды көксейді. Осы табиғи ұмытылмастар Оразақын өлеңдерінде нанымды да заңды, көркем де көнілді көрініс табады. Жинаққа өлеңдер, ертегілер, поэмалар, жұмбақтар, жаңылтпаштар енген.