Молдавияның талантты балалар жазушысы Спиридон Вангелидің есімі балғын оқырманға жақсы таныс. Бұл ұсынылып отырған «Атасының еркесі» кітабында кішкентай Гугуцэнің басынан кешкен қызықты оқиғалары баяндалады. Әрдайым мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын, ашық мінезді, мейірімді, жанашыр әрі белсенді кішкентай балақай Гугуцэ балғын оқырманның нағыз досы деуге болады.