«Ақын мен уақыт» көрмесі

«Ақын мен уақыт» көрмесі

Сәуір айындағы «Алғашқы беттерден…» айдарының кезекті саны Тарбағатай ауданының тумасы және құрметті азаматы, ақын Хамит Балшабековке арналды. «Ақын мен уақыт» атты көрмеге келген оқырмандар ақынның Шілікті орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарғанын және мектеп саласында оның тек білім берумен ғана шектелмей, жастар арасында аудан деңгейінде ақындар айтысын ұйымдастырғаны жайлы білді. Сондай-ақ Хамит Балшабеков Алматы қаласында 1980 жылы өткен республикалық телевизиялық айтыста Шығыс Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғағанын, қаншама талантты ақындардың Хамит ақынның ұстаздық тәлімгерлігінің арқасында елге танылғанынан хабардар болды.

 

 

Share