Кекілбаев Ә. Аңыздың ақыры. – Алматы: «Мазмұндама» баспасы, 2023. – 296 б.

Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» туындысы – аңыздың ізімен жазылған шығарма. Бұл туынды бастапқыда «Махаббат мұнарасы» деген атаумен жарияланған. Роман «Қызыл алма», «Мұнара», «Махаббат», «Аңыздың ақыры» атты төрт тараудан тұрады. Жазушы аталмыш тарауларда Әміршінің Жаппар шебердің және Кіші ханымның ішкі рухани жан дүниесіне үңіліп, әр кейіпкердің бейнесін асқан шеберлікпен суреттеген. Шығармадағы оқиғалар философиялық-психологиялық астармен өрбіген.

 

Share