Балаларға оқуға кеңес береміз

Ол кім?  Бұл не? Сериясы бойынша жарық көрген кітаптар.

Әбілқайыр Азамат. Бекзат Саттарханов кім?

Бұл кітапта Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен әлемге танымал спортшы болғанға дейінгі кәсіби жолы қамтылған.  Жиырма жасында Олимп шыңын бағынжырып,құйрықты жұлдыздай ағып өткен талантты боксші Бекзат Саттархановтың спорттағы қызықты да қиын сәттері баяндалады. Кітаптағы оқиғалар  боксшының ата-анасы мен замандастарының естелігінен алынған. Әуесқой бокстың үздігі Бекзат туралы қызықты мәліметті осы кітаптан таба аласыздар.

 

Досжан Сәуле. Жақсылық Үшкемпіров кім? 

Бұл кітап ұлттық намыстың үлгісіне  айналған қазақ балуаны  Жақсылық Үшкемпіровтің өмірінен жазылған. Қазақстанда күрес көзін көріп,спортшының жарқын оқиғаларға толы өмір жолы  жастарға  үлгі. Даңқты балуанның спорттық мансапқа жету жолындағы ерлігі  жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шабыттандырады. Жақсылық Үшкемпіров – Қазақстанның болашағын өркендететін жастардың намысын қайрап,жігерін жанитын,көзін көріп, ерлігіне сүйсінген, жалынды жеңісімен елін қуантқан балуанымыз. Ұлт батыры болған ұлдың қызықты өмір жолын  осы кітаптан бірге оқиық.

 

Хасан Серікбол. Дина Нұрпейісова кім?   

«Ол кім?» сериясының кезекті кейіпкері – күй анасы атанған дәулескер күйші Дина Нұрпейісова.Дина тағдырлы тұлға болды.Ол 1916-жылғы ұлт-азаттық көтерілістер, Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғысы болған кезеңде өмір сүрді. Аштықтыда жоқшылықтыда,ауыр азаптыда басынан өткерді. Дина күйші тағдырдың тезіне төзе білді.Тоқсан жасында қазақтың күй өнерінің шыңына шықты.Ұстазы Құрманғазының өзінің күйлерін халық арасына жайды.Бұл жинақта Динаның басынан өткерген бүкіл қиын да  қызықты сәттері баяндалады.

Мәскеудегі  Сьездер сарайының Колонна залында өткен сайыста КСРО-ның әр түкпірінен келген 2мыңнан астам өнерпаз бақ сынасты. Бүкілодақтық байқауда қазақ  елінің намысын қорғаған күйші Дина Нұрпейсованың есімі бірінші орын алған 9 жүлдегердің қатарында  аталды.Динаның жеңісі қазақ өнерін,соның  ішінде домбыра аспабын бүкіл Одаққа әйгіледі.Атағы қазақ елінен асып, Кеңес Одағының құрамындағы барлық республикаға танымал болды.Ол туралы көптеген мақала жазылып. кітаптар жарық көрді.   Күй анасы атанған өнерпаз туралы көбірек мәлімет алғыңыз келе ме?.Ендеше Дина Нұрпейісованың тағдырлы өмір жолы мен қазақ өнеріне сіңірген еңбегі туралы жазылған осы кітапты бірге оқиық.  

 

Тілеген Асылан. Мәншүк Мәметова кім?

Бұл кітапта Кеңес Одағының  Батыры атағы берілген тұңғыш қазақ қызы Мәншүк Мәметованың балалық шағынан бастап майдандағы ерліктеріне дейін баяндалады.Кітаптағы оқиғаның бәрі  Мәншүкпен замандас болған  тұлғалардың естелігінен алынған.

Тарихи деректерге құрылған, тілі жеңіл кітаптың  балалар мен  жасөспірімдерге берері көп.  Құрметті оқырман! Бұл кітаптан қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың өмір жолы туралы толық оқып, танысаласыздар.

 

Құттымұратұлы  Қазбек. Халел Досмұхамедұлы кім?

Бұл кітапта қазақтан шыққан алғашқы кәсіби дәрігердің бірі, Алаш қайраткері Халел Досмұхамедұлының өмір жолы мен қоғамдық қызметі баяндалған.Халелдің дәрігерлік қырынан бөлек,Алаш қозғалысындағ жетекшілік рөлі,кейінгі  ағартушылық,ғалымдық еңбегі  жүйелі суреттеледі. Кітап балалар мен жасөспірімдер танымына лайық тілмен жазылған. Ал осыдан 100 жыл бұрын оқушыларға арнап қазақ тілінде тұңғыш «Жануарлар» оқулуғын жазған кім екенін білесіңдер ме? Ол –  Халел Досмұхамедұлы.Халелдің негізгі мамандығы – дәрігер. Ол Петербордағы Императорлық әскери медициналық академияны үздік бітірген.Кейін қазақ халқы автономия болуға ұмтылғанда, бәрін тастап,саясатқа  араласты.Сол үшін қанша қиындық, қуғын көрді.Бірақ әрқашан халыққа  пайдалы іспен айналысып,білім,тарих,тіл мен әдебиет салаларында еңбек етті. Халел Досмұхамедұлы туралы  толығырақ білгілерің келсе, осы кітаптан табасыздар.

 

Төрехан Зәуре. Санжар Асфендиаров кім?

Санжар Асфендиаров – хан әулетінен тараған көрнекті  қоғам және  мемлекет қайраткері,алғашқы кәсіби дәрігердің бірі, қазақтың профессор атағына тұңғыш қол жеткізген ғалым. Ол ашршылық пен індет жылдары жүз мыңдаған қазақты өлім аузынан арашалауға  атсалысты. Дара тұлғаның өмір жолы,елі мен жеріне аянбай  еткен қызметі жас оқырманға үлгі өнеге болары сөзсіз.Бұл жоғары оқу орны – дәрігерлер даярлайтын қазақтың тұңғыш  медициналық білім ордасы. Ал оны ашқан – қазақтың тұңғыш дәрігерлерінің бірі Санжар Асфендиаров. Санжардың өмірі мен тағдыры сан қилы болды.Халқымыздың сан ғасырлық тарихын саралап,артынан бірнеше көлемді ғылыми еңбек қалдырды.

Көптеген ізденімпаз қазақ жастарының білім алуына жол ашқан профессор Санжар Асфендиаровтың өнегелі өмір жолы туралы білгілерің келе ме? Ендеше,көреген қайраткер туралы мол мағлұмат беретін кітапты мұқиат оқып шығыңыздар.

19.06.2025

 

25.09.2024

Сәуле Досжан
Біртуар

Белгілі жазушы қоғам қайраткері Сәуле Досжанның балалар және жасөспірімдерге арналған «БІРТУАР» шығармасы – грек-рим күресінің палуаны, Халықаралық спорт шебері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы әлем кубогінің күміс жүлдегері, екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіровтың өнегелі өмірі туралы бірегей туынды.
Автор Жақсылық Үшкемпіровтың өмір жолын баяндау арқылы тәуелсіз ел жастарын төзімділікке, табандылыққа, еңбекқорлықпен ұлтжандылыққа тәрбиелейді.
Автор жас жеткіншектер алға қойған арман – мақсаттарына жету жолында үлгі алатын тұлға, жетістікке жетем дегендер үшін өшпес ізі өнеге болатын қаһарман, ұлттық намыстың үлгісіне айналған қазақ батырының біздің замандағы дара тұлға бейнесі – Жақсылық Үшкемпіров деп танып, осы романды жазған.
Бұл бес тараудан тұратын кітап сізге өмірлік азық, рухани байлық болатынына сенеміз.
1.Балуанның балалық шағы. 2.Үлкен спортқа жол. 3.Тағдыр мен тартыс 4.Бағы шапқан балуан.5.Жеңістен – жеңіске!

Жақсылық Үшкемпіров «Өзіңнің атыңды емес, еліңнің атағын шығарамын, мерейін өсіремін десең, спортқа бойыңдағы барыңды түгел сал. Өзіңді емес, артыңда тілеуіңді тілеп тұрған еліңді ойла. Шіркін-ай тағыда бір азамат осы күрестен алтыннан алқа тағып, менің орнымды басатын, қазақтың кім екенін дүние жүзіне танытса деген арманы болған және де «Мен жастарға сенемін» – деп бата тілеген екен. Бүгінде аға арманы орындалды. 2024 жылдың тамыз айында Парижде өткен жаздық Олимпиадада Елдос Сматов дзюдо күрестен алтын медалды жеңіп алды Қазақстанның көк туын көтеріп бүкіл елді қуантты.
Батыр аға Жақсылық Үшкемпіровке арналып. Көптеген кітаптар жазылды, кинофильмдер түсірілді, ән-жырлар арналды.
Қазақстанның болашағын өркендететін жастардың жүрек түкпірінде жатқан ұлттық намысын қайрап, оятатын алдыңғы толқын көзін көріп ерлігіне сүйсінген Жақсылық Үшкемпіров ағаларың туралы жазылған «Уникальный – Біртуар» романын орыс және қазақ тілдерінде біздің кітапханадан алып оқуларыңызға болады.


25.01.2024

Мұхтарбекқызы, Гүлдана. Тазша бала: күнді қайтару

Ерте заманда бір тазша баланың әке-шешесі өліп, жетім қалыпты. Бір күн тазша базарды аралап жүрсе, мұңайып отырған бір шалды көреді. Тазша шалдың қасына келіп отырады. Шал:

– Не қылып жүрген баласың? – деп сұрайды.

Сонда тазша:

– Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін, – дейді.

Шал:

– Ендеше, балам жоқ еді, маған бала бола ғой! – деп, тазшаны ертіп, үйіне алып келіпті. Жетім бала тазшаны қарт кісілер бауырына басады. Ақ жүректі жас бала халқының мейіріміне бөленіп ер жетеді. Бір күні аспандағы Күн жоғалып, Жер бетін түнек басады. Күн жоғалған соң Жердегі тіршілікке қауіп төнеді. Енді халықтың бар үміті Тазшада…

Тазша бала Күнді қайтару үшін шытырман оқиғаға толы сапарға шығады. Тазша кімді кездестіреді? Күнді кім жасырып қойды? Олар мақсатына жете алды ма? Балақай ертегі немен аяқталғанын білгің келсе кітапханамызға кел. Бұл ертегі мейірімділік, достық пен батылдықтың әлемді құтқара алатынын көрсетеді.

15.08.2023 

Мейірімді Асқар

Ертегі

Кең даланың бір түкпірінде кішкентай қазақ ауылында Асқар деген қарт өмір сүріпті. Уақыт өте келе қарттың балалары тәуір күнкөріс іздеп қалаға көшіп кетті. Ал дала қариясы шулы қалаға көшкісі келмей, өзінің туған ауылында қалды.

Ауылдың маңында дала өзені Сілеті ағып жатыр. Қария өзен жағасына келіп, ойға шомылғанды жақсы көреді. Бала күнінде ол жер бетіндегі халықтардың ертегілерін қатты құмартып оқитын, оның әдемі таза қиялы ғажайыптар дүниесін кезіп кете беретін. Енді қартайған шағында оны әділетті ертегі әлемі қайтадан еліктіріп шақыра бастады. Асқардың қайтадан балалық шағына оралып, алыс-алыс жерлерге жүзіп барып, өзінің сүйікті кейіпкерлерімен кездескісі келді.

Бірде ол қағаздан қайық жасап алып, өзен жағасына келді. Қария өзін кішкентай бала сияқты сезініп, жиһанкез ойынын есі кете ойнады.

Бір мезетте су бетінде жүзген бір шоқ шөп түбіртегінің үстіндегі құстың ұясын көрді. Ұяда үш балапан паналап жатыр екен. Олар көңілдене шықылықтап, өздерін аналары қашан тамақтандыратынын күтіп, ауыздарын ашып қояды.

Сол кезде судан бір үлкен жылан шыға келіп, балапандарды бас салмақ болды. Бірақ Асқар ұяны ұстай алып, жағаға шығарып үлгерді. Жылан зәрлене ысылдап, суға сүңгіп кетті. Ана құс ұшып келіп, өзінің ұясына қонып, Асқарға қуана – қуана алғыс айтты:

-Рахмет! Ең асыл арманың орындалсын!

Асқар есін жинағанда өзінің қағаз қайығының үлкен мықты қайыққа айналып, онда балапандармен бірге отырғанын көрді. Ал ескекте Ана – құс отыр екен.

– О, меірімді балақай! Сен ертегі оқиғасына батыл араластың! – деп сөйлей жөнелді құс әуезді дауыспен. – Шекарадан өтіп біздің әлемге ендің! енді сенің алдыңда ұзақ жол жатыр-өзіңнің туған ауылыңа оралғанша бір жыл уақыт бар! Бірақ, сен қамықпа – қайырымды достарың әрдайым сенің қасыңнан табылады!

Құс осы сөздерді айтты да ұшып кетті. Оның өзін неге балақай дегеніне Асқар таңғалды. Еріксіз суға үңілді де, қалшиып қатып қалды! Судан оған жас бала қарап тұрды! Бұл өзі, Асқар еді!  Қария бір ғажайыптың күшімен өзінің балалығына оралды!

Оның арманы орындалды! Ол балаға айналды! Оның үстінде күміс ою – өрнектері бар қызыл жағалы көк камзол, шағын ақ қалпақ пен кең сұр шалбары бар. Былғары белбеуіне былғарыдан тігілген дорба ілінген.

Дала төсінде баяу ағып жатқан Сілеті қайықты алысқа әкете берді.

«Мейірімді Асқар» – төрт тіде аударылып шығарылған өте қызықты ертегі. Ертегіде ауылдың мейірімді баласы Алтын балықты құтқарады, Қайсар қалайы солдатты тірілтіп алады. Ол ақылгөй қаз Аккамен, Қар ханшайымымен достасып, барон Мюнхгаузеннің өзін өтіріктен жеңіп кетеді! Ол Пушкиннің, Ханс Кристиан Андерсеннің, ағайынды Гриммдердің, Сельма Лагерлефтің ертегі кейіпкерлерімен дос болады. Қазақ баласы әлем халықтары ертегілерінің барлық ізгі кейіпкерлерін өзінің досы деп санайды.

Балақай ертегідегі барлық оқиғалармен толық танысқың келсе кітапханаға келіп Баянғали Әлімжановтың төрт тілде аударылып шығарылған «Мейірімді Асқар» атты кітапты оқуға шақырамын!

Сонымен қатар автордың балаларға арналған  «Ғарыш пен қазақ», «Менің отбасым»  екі тілде, «Шыршадағы шытырман», «Әліппе», «Аблай хан и его батыры» орыс тіліндегі кітаптарын кітапханамыздан алып оқуға ұсынамыз.

 

Толымбек Әбдірайым «Тағдыр сыйы»

Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың кітап қоры – балалар әдебиетінде өзіндік орны бар, жерлесіміз, жазушы, ақын, сатирик Толымбек Әбдірайымның «Тағдыр сыйы» атты кітабімен толықты.
Жазушының бұл туындысына 13 әңгіме, 2 повесть және естеліктер енген. Шығармада бүгінгі замандастарымыздың қилы өмірі мен тыныс – тіршілігі суреттеледі.
«Жұдырық» атты хикаятта шығарма кейіпкері Тәкеннің туған жерін аңсап, тағдыр тәлкегіне түсіп, абақтыдан қашқан оқиғалары суреттелсе, жазушының «Оралу» повесінде Мейірбектің бір жыл ішіндегі басынан кешкен қилы өмірі туралы әдемі айтылады.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Кітап сүйер қауым ,сіздерге Толымбек Әбдірайымның «Тағдыр сыйы» атты кітабын оқуды ұсынамыз!

 

«Қыран бүркіт хикаялары»

Тұрдақын Жексенбайдың бұл жинағы әлемге әйгілі, қазаққа қастерлі қыран бүркіттің табиғатын танытуды және оны аялап қорғауды, халқымыздың ежелден келе жатқан бүркітшілік кәсібі мен саятшылық, құсбегілік өнерін көрсетуді көздейді. Мұндағы әрбір шығарма адам таңғаларлық таңғажайыптар мен ерекше қызық хикаяларға барынша бай болып келеді. Шығарма бүркітшілік атты ұлттық өнерімізді игергісі, тіпті оның ерекшелігін терең білгісі келген кез-келген оқырман үшін оқулық дәрежесіндегі құнды дүние. Олай болса құрметті оқырман сізге осы шығарманы оқуға кеңес береміз.

 

 

 

«Алпамыс батыр»

Халық ауыз әдебиетін телегей – теңіз мол мұра десек, сол теңізді құрайтын аса ауқымды арнаның бірі – эпикалық жырлар. Ал солардың ішіндегі ең бір келісті де көрнектісі «Алпамыс батыр» жыры екені даусыз. Олай болса, құрметті оқырман сізге осы шығарманы оқуға кеңес береміз. Қара сөзбен баяндалып, көркем безендірілген бұл нұсқа сіздің ойыңызды ұштап, қиялыңызды қанаттандырып, кезекті рухани олжа боларына сенімдіміз.

 

 

 

 Абай Құнанбаев «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла…»

«Шығыс өңірі – қазаққа Ақтамберді жырау мен Дулат ақынды, Ақтайлақ пен Кеңгірбай биді, ұлы Абай мен Шәкәрімді, кемеңгер Мұхтар Әуезовті және Қажығұмар Шабданұлы, Әзілхан Нұршайықов, Оралхан Бөкей, Қалихан Ысқақ, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Төлеужан Исмайлов, Нұрлан Мәукенұлы, Ұлықбек Есдәулет секілді көптеген тамаша сөз зергерлерін, Сәрсен Аманжолов, Зәки Ахметов, Сейіт Қасқабасов, Шерияздан Елеукенов, Кенжехан Матыжанов сияқты әдебиеттанушы ғұлама ғалымдарды берген қасиетті өлке. Алдыңғы аға буынның ізін басқан кейінгі толқын арасында да қабілет-қарымын дәлелдеп үлгерген талантты жастар баршылық. Ал олардың шығармашылық мұрасы – толайым қазақ жұртының ортақ олжасы, құнды қазынасы» деп жазды «Алтай-Ертіс» сериясымен шыққан «Абай шығармалары» кітабының алғы сөзінде Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев.

Кітапханамызда жақында ашылған өлкетану орталығы осы қаламгерлердің шығармаларын насихаттау барысында «Шығыс жауһарлары» рубрикасын назарларыңызға ұсынады.

Бүгінгі таныстыратын кітабымыз Абай Құнанбаевтың «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла…».

Кітапқа Абайдың өлеңдері, поэмалары, аудармалары, сондай-ақ қара сөздері енгізілген. Шығарма балалардың танымына лайықталып қарапайым тілмен жазылған.

«…Абайдың ешбір шығармасы көзі тірі кезінде баспасөз бетін көрмеген. Шығармаларын ол қағазға жазып тастайды екен де, оларды сол үйге жақындығы бар арабша сауатты Мүрсейіт Бікеұлы дейтін кісі жинастырып, ретімен тіркей беретін болған. Ақынның өлеңдерін қадірлеушілер Мүрсейітке көшіртіп алады екен де, ақысына бір қойдан төлейді екен. Мұндай қолжазба жинақтар Абайдың тірі кезінде әлденешеу болған. Абай енші берген ұлдарына, ұзатқан қыздарына осындай жинақтардың біреуін сыйға тартып отырған».

Абай өлгеннен кейін, шығармаларын баспадан шығару ісін оның туған інісі Ысқақтың баласы – Кәкітай қолына алған.

Ол көп ізденудің нәтижесінде 1909 жылы (Абай қайтыс болғаннан соң 5 жылдан кейін) Петербургте Бораганский баспаханасынан тұңғыш «Абай Құнанбайұлының өлеңдер жинағы» деген атпен таңдамалы өлеңдерін араб әрпімен жеке кітап қып бастырған. Тиражы 1000 дана. Осы еңбегі шыққанға дейін туған жерінің төңірегінде ғана танымал Абайдың есімі қазақтың кең даласына түгел жайылып, оқуға құмартқандар бірінен-бірі қалап алатын болған.

Абай шығармалары бүгінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының лайықты бағасын алуда…

Рухани азық берер құнды қазынаны кітапханамыздың төрінен табасыздар.

 

Зенькович Н. А. «Назарбаевтай болғым келеді»

Президенттің балалық шағы туралы әңгімелер.

Балаларға арналған бұл кітапта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағы туралы әңгімеленеді. Кітаптың тәрбиелік мәні жоғары. Кітапты қолға алғаннан – ақ кейіпкердің басынан кешкен жекелеген оқиғаларынан басталып, келе-келе оқиғаның дамып, оның ықпалды, беделді тұлғаға айналып, қайраткерлік қасиеттері қалыптасқаны баяндалады. Кітапты оқу арқылы жас оқырманның бойында патриоттық рух, Отаны мен елін шексіз сүйетін мақтаныш сенім қалыптасады. Жас оқырманды биікке талпындырып, асқақ армандарға жетелейді. «…Ұлының кітапқа көп шұқшиятынына алаңдайтын Әлжан «миын тынықтырып» келуі үшін үйден қуғандай болып көшеге шығаратын. Ол анасын тыңдап, таза ауаға шыққанымен, оңтайлы сәтте терезе арқылы үйге кіріп, кітап оқуға қайтадан кірісетін…». «… Маған және менің қатарластарыма фантастика және күтпеген оқиғалар туралы кітаптар көбірек ұнайтын, – деп еске алады Н. Назарбаев. Дюманың, Конан Дойльдің, Александр Беляевтің, Хаггардтың, Купердің мүлдем ерекше, бұрын таныс емес тартымды кейіпкерлер әлемі бізді өзіне құдды магниттей тартатын…» Он екі жасында ол нағыз кітапқұмар болған.

 

Айғыз Баймұхаметов. «Тастамашы, ана!»

Башқұрт жазушысы Айғыз Баймұхаметовтың бұл кітабында әке-шешесінен айырылған жетім балалардың аянышты тағдыры баяндалады. Автор өзі тәрбиеленген балалар үйіндегі ұл-қыздардың өмірін қарапайым тілде суреттейді. Балалар үйінің шынайы бейнесі, балалар үйінен шыққан соң жетімдердің тағдырлары қалай аяқталады? Міне осындай сұрақтарға жауап ала аласыздар. Кітаптағы оқиғалар 99 пайыз шындық. Басынан небір қиыншылықтар өтсе де, өзінің асқақ арманы үшін күресіп бүгінде танымал жазушыға айналған автордың тағдыры кімді болса да бей-жай қалдырмайды. «Негізінде шығармамен мектеп оқушылары, тіпті жоғары оқу орындарының студенттері танысып, оқып шықса құба-құп болар еді. Өйткені, қоғамымыздағы түрлі келеңсіздіктер көбіне-көп осы жастардың арасында орын алып жатқаны жасырын емес. Бірі – некесіз бойына біткен баласын тоғыз ай көтеріп, туған соң жай қоқыс тастағандай жәшікке лақтырып кетіп жатса, екіншілері барын аузына тыққан әке-шешесін қарттар үйіне тапсырып, тайраңдап жүргенін жасырып қала алмаймыз. Міне, осылай шалыс басып жатқан жастардың ақылына-ақыл қосатын еңбек» деп жазады Нұрғиса Өмірбайұлы. Қазақ тіліне бұл шығарманы жерлесіміз ақын, аудармашы Саят Қамшыгер тәржімалаған.

Ділдә Матайқызы Тасмағамбет келіні. «Ұрпағым, саған айтам…»

Ел сыйлаған қадірлі ана, өмір өткелдеріндегі алуан жайттарды, халқымыздың салт-дәстүрін кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде қағазға түсіріп жүрген Ділдә Матайқызы Тасмағамбеткелінінің «Ұрпағым, саған айтам» деген туындысы әлі талай буынның қажетіне жарар деген ойдамыз. Бұл кітапта сан алуан сұрақтарға жауап табуға болады. Мәселен: бесікті неліктен төрге қояды?, жеті санын неліктен қасиетті сан деп атайды?, неліктен сыйлы қонаққа бас тартылып, жамбас беріледі?, жан сұлулығы, тән сұлулығы деген не?, « мінезді кісі – бай кісі» дегеннің мәнісі не? т.с.с. Кітап негізінен балаларға арналса да, ересек оқырмандардың да бұл кітаптан алары мол деп есептейміз.

 «Айгөлек» журналы – республикалық балалар журналы. XXI ғасыр балаларының ой-сана, қызығушылық, талап талпынысын толық ескерген басылым. 2000 жылдың қазан айынан бастап ай сайын шығады.

http://my.mail.ru/mail/aigolek-zh

«Ақ желкен» – Республикалық жастар және балалар арналған әдеби-көркем журнал. Құрылтайшысы – ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі. Айына бір рет шығады. Журналда тарихи, ғылым-танымдық, тәрбиелік мәні мол мақалалар, сондай-ақ талапкер жасөспірімдердің — мектеп оқушыларының өлең-жырлары, әңгіме, хикаяттары ұдайы жарияланады.

 www.zhasorken.kz 

«Ертегілер елінде» журналы балабақша жасындағы балалар мен бастауыш сынып, орта буын оқушыларына арналады. Журналда бұрын еш жерде басылмаған жаңа ертегілер жарияланады.

 www.balakai.kz

«Жыл он екі ай» – оқушылар мен ата-аналарға және тәрбиеші, ұстаздарға арналған әдеби-танымдық күнпарақ, үлкен-кішінің бәріне ортақ журнал. Онда бала жанын баурап, ойына ой қосатын қысқа да нұсқа дүниелер көп. Бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарға және тәрбиеші ұстаздарға арналған әдеби-танымдық күнпарақ. Ұсынылып отырған санынан көптеген көркем әңгімелермен, ертегілер, жұмбақ- жаңылтпаш, өлеңдермен таныс боласыздар.          toganayt@mail.ru

«Балақан» журналы бастауыш сынып оқушыларына арналған. Әрбір оқушы, ұстаз, ата-аналар осы журналдың меншікті тілшісі бола алады. Журналдың әр бөліміне арнап өз шығармашылық жұмыстарыңызды жіберуге болады.

  pedagogika_press@mail.ru

«Ертегілер әлемінде» – балаларға арналған түрлі – түсті ертегілер журналы, қазақ және орыс тілдерінде шығады. Бұл басылымда балалар әлем халықтарының ертегілемен танысады.

 www.pedagogikapress.kz

«Балдырған» журналы бастауыш сынып балаларына арналған әдеби-көркем журнал. 1958 жылы шілде айында алғаш нөмірі жарық көрді. Айына 1 рет шығатын, көлемі 1,5 баспа табақ журнал. «Балдырған» бүлдіршіндерді имандылыққа, еңбек сүйгіштікке, отаншылдық рухқа тәрбиелейтін басылым. Журнал бетінде қазақ халқының тарихына қатысты шағын ақпараттар, балалардың ой-өрісін кеңейтетін, тілін ұстартып, сөздік қорын байытатын өлең-тақпақтар, ертегі-аңыздар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар тұрақты жарияланады.

 www.zhasorken.kz 

«Хайуанаттар патшалығы» – Достым, сен қандай үй жануарларын білесің? Есіңе түсіріп, атап көрші. Әрине, олардың ішінде сенің сенімді серігіңе айналғандары да бар.

Білесің бе, балақай? Адамдар әлі иелік ете қоймаған  ерте заманда үй хайуанаттары қайда, қалай өмір сүрген? Оларға жыртқыш аңдар тиді ме, әлде дос болды ма? Қалай ойлайсың? Егер жыртқыш аңдар тиіскен болса, үй жануарлары олардан қалай қорғанды? Әлде оларға біреу көмектесті ме?

Үй жануарларының ертедегі және бүгінгі тіршілігі жайлы білгің келсе, «Хауанаттар патшалығы» кітабын оқы. Өте қызық! Саған ұнайтындығына сенімдіміз!

«Ақылыңа ақыл қос» Әлібек Файзуллаев (5-6 сынып) – Кітаптың басты кейіпкері Айбол әлі  мектепке бармаған бала. Үнемі үйдегілерден оқып беруін өтініп жүреді. Бірақ ол жай ғана тыңдап қоймайды, естігендерін ой елегінен өткізіп, жақсылықты үйреніп, жамандықтан жирене бастайды.

Ал, сен өзің оқи аласың. Тіпті, іні-қарындастарыңмен, ата-анаңмен қатар отырып оқып беруіңе болады. Бірақ, жай ғана оқи салмай, Айбол сияқты оқығандарыңды көңіліңе тоқи біл!  

Share