Балалар – ұлт болашағы. Жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстауға баулу мақсатында кітапхана оқырмандары арасында тимбилдинг ұйымдастырылды. Тимбилдингке қатысу барысында балалар әр түрлі жағдайлар мен міндеттерді тиімді шешуге, өзара жауапкершілікті сезіне білуге дағдыланады. Ойын соңында кітапхана қорындағы балаларға арналған мерзімді басылымдар бүлдіршіндер назарына ұсынылды.