Балалық шағымның кітабы

Балалық шағымның кітабы

Бала кезіңізде жақсы көретін көптеген кітаптардың ішінен біреуін таңдау оңай шаруа емес.

«Балалық шағымның кітабы» атты дөңгелек үстел басына әр түрлі жастағы оқырман мен мамандық иелерін, атап айтсақ: жазушы, қоғам қайраткері, ұстаз, журналист, археолог және жас кітапхана оқырмандарын алғаш оқыған кітабынан алған әсерлерімен бөлісуге шақырдық.

Кездесуге дайындық барысында 25-ке жуық сұхбат жүргізілді, оның ішінде оқырмандар естеліктерімен бөліскен бейнесұхбаттар да бар.

Ақыш Нұрдәулет Бабиханұлы –жерлес жазушы бейнесұхбатында ең алғашқы кітабы Мұқышев Қабыкеннің «Кірпі мен Сұрмойнақ» екенін айтты.

Ольга Гумирова – журналист, жазушы, әуесқой археолог. Алғашқы оқыған кітабы А.Волковтың «Волшебник изумрудного города» екенін атап айтты.

 Әңгіме барысында ерекше көрме – инсталляция дүниеге келді.

 Шараға келген қонақтар  қоғам қайраткері Түсіпхан Түсіпбекұлы, ақын Сара Жүніспекқызы, кітапханашы Роза Бекежанқызы көрмеден өз заманындағы (радио, пластинка, магнитофон, пионер галстук, радиомагнитофон, т.б.) заттарын көрді. Бұл заттардан жылулық, балалық шақ, мейірімділік, естеліктер ұшқындары сезілгендей…

Сондай-ақ көрмеге олардың сүйікті кітаптары да қойылды.

Балалық шақта тағы қандай қызықтар болады? Әрине, ойындар.

Балалар «классики» ойынын ұнатып, ойынның әртүрлі ережелерімен танысты.

Сонымен, бұл ерекше дөңгелек үстелге қатысушыларды «балалар кітабы» біріктірді.

Құрметті оқырман! Ал сіздің алғашқы оқыған кітабыңыз есіңізде ме?

 Бөлісіңіз! Бұл біз үшін маңызды!

Share