Қарин, Ерлан. Балбалтас : Орхоннан Каспийге дейін / Е. Қарин. – Алматы : Mitsubishi Corporation, 2013. – 252 б.
Балбал – ежелгі түрік дәуірінде жиі кездесетін тастан қашап жасалған адам бейнесіндегі ескерткіш. Көне мұрамыз қазақ даласының барлық аймақтарында кездеседі. Бұл кітап балбалтастардың таралу аумағын зерттеу мақсатында бірнеше жыл (2007-2012ж.) бойы Маңғыстауда, Семейдегі Шыңғыстау, Павлодардағы Баянауыл мен Қызылтау, Ақмоладағы Ерейментау, Жамбылдағы Шу мен Меркі, Қарағандыдағы Ақтоғай мен Қарқаралыға және Моңғолия, Қытай, Қырғызстан мен Ресейге ұйымдастырылған экспедициялар барысында түсірілген фотоматериялдардың жинағы.