Кітапхана қабырғасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Сахариева Мейіргүл Құзарханқызымен «Басты міндет – халыққа қызмет» атты кездесу болып өтті. Шараға ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебінің» КММ-нің 9 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Шара барысында жасөспірімдерге сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зиянымен, онымен күресудің жолдары туралы ақпараттар берілді. Жемқорлықты болдырмаудың ең алғашқы қадамы мектеп қабырғасынан басталатындығы баса айтылды. Сонымен қатар, аталған тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетіліп, бүктемелер таратылды.