Жұмабаев, Мағжан. Батыр Баян : дастандар, хикаят, өлеңдер / М. Жұмабаев. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2023. – 272 б. – (Сөз-маржан).
Қазақ поэзиясында өзіндік жаңа өрнегімен, дарынды болмысымен ерекшеленетін Мағжан Жұмабаев – өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшы философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білген философ ақын. Жинаққа енген елді ынтымаққа шақырған рухты жырларын оқып, еріксіз жігерленесіз. Сыршыл ақынның махаббат лирикасының жарқын үлгілерін де осы кітаптан табасыз. Қай өлеңін оқысаңыз да, не ақынмен, не өз жүрегіңізбен, не ел жүрегімен сырласқандай боласыз. Сондай-ақ бұл кітапқа «Шолпанның күнәсі» хикаяты да енгізіліп отыр. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.