Кітапхана қызметкерлері «З.Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-нің 6-сынып оқушыларына «Бағдаршам. Жол таңбалары» атты ойын сағатын өткізді. Алғыр оқушылар қызықты ойын ойнау арқылы жаяу жүргіншілерге арналған жолда жүру ережелерін естеріне түсіре отырып, алғашқы бағдаршамның пайда болуы туралы ақпаратқа қанықты. Шара барысында қатысушылар бағдаршамның жол ережесіндегі маңыздылығы туралы деректер ала отырып, жағдаяттық сұрақтарға жауап берді. «Қандай белгі?», «Жүргізушілер», ойындарын ойнау арқылы бүлдіршіндер жол белгілерін біліп қана қоймай, машина маркаларыменде танысты. Сонымен қатар кітапхана психологы әзірлеген «Ыстық доп», «Смайликтер сөйлейді» ойындары да қатысушылар көңілінен шығып, бір сергітіп тастады.