Күз өз күшіне еніп, қаланы сары алтынға бөледі. Дәл осы сәтте біз оқырмандарымызды «Kitap Time» III жалпы республикалық кітап фестивалі аясында ұйымдастырылған «Богата осень вдохновением» атты шығармашылық сағатына шақырдық. Қатысушылар күз стилінде безендірілген кітап көрмесін тамашалап, күзге арналған суреттерді салды, өлеңдер, тілектер жазды. Ол жас оқырмандардың да, үлкендердің де назарын аударды. Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында олар кітап көрмесіндегі күз мезгіліне арналған поэзиямен, прозамен, картиналармен танысты. Кітапханаға өзінің жаңа кітаптарын сыйға тартқан жазушы Күлмай Сембаевамен кездесу бізге күз мезгіліндегі жағымды тосын сый болды.