Болмаған балалық шақ

Елгезек, Ақберен. Болмаған балалық шақ : ауыл хикаялары / А. Елгезек. – Алматы : Абай, 2020. – 140 б. : сурет. – (Қазақы бестселлер).

Қолыңыздағы басылым – ақын Ақберен Елгезектің проза жанрында шығып отырған тұңғыш кітабы. «Болмаған балалық шақ» повесі – 2008 жылы жазылып, көп ұзамай әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тарап, қазақ интернет бестселлеріне айналған бірегей шығарма. Интернет желісінде жүргізілген сауалнама бойынша XXI ғасырдағы үздік 20 прозалық туынды тізіміне енген. Шығарма кітап болып басылып шықпай-ақ жекелеген мектеп бағдарламаларына еніп, бүгінгі күнге дейін оқытылып келеді. Көпшілік оқырманға жете таныс шығарманың бұл толықтырылған, әрі ең алғашқы басылым нұсқасы. Кітап балаларға ғана емес, қалыптасқан оқырман қауымға да арналған.

Share