Біз білмейтін мамандық

Біз білмейтін мамандық

Мамандық таңдау — адам өміріндегі болашағын айқындайтын, үлкен өмірге аяқ басатын маңызды қадамдарының бірі. Болашақта білімді, қажетті маман иесі болу әрбір оқушының алға қойған мақсаты, тіпті арманы десек те болады.

Осыған орай, бүгін кітапхана қызметкерлері Өскемен қаласы Зәки Ахметов атындағы 16 мектеп КММ-нің 8 сынып оқушыларына арнап мамандық таңдауға саналы түрде бағыттау мақсатында «Біз білмейтін мамандық» атты брейн-ринг ұйымдастырды. Шара кітапхана психологінің көңілді сергіту сәтінен басталды. Жаттығу орындаған балалар психолог ұсынған суреттерден болашақ мамандықтарын таңдап, өз пікірлерін айтып өтті. Шара барысында миға шабуыл: «Болашаққа бағдар», сауалнама: «Мамандық туралы не білесің?» кеңес беру: «Мамандықты таңдауда ұстанатын ережелер» бөлімдеріндегі тапсырмаларды орындай отырып, «Біз білмейтін мамандықтар» бойынша заман ағымымен сұранысқа ие болған мамандықтар туралы ақпараттар берілді. Тренинг соңы “Ақ тілек” ойынымен жалғасып, қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін жолдаумен аяқталды.

Share