Гулливердің саяхаттары

Свифт Дж., Гулливердің саяхаттары : роман [Мәтін]  / орыс тілінен ауд. Ж. Асықова. – Алматы : Балауса, 2021. – 480 б. – (Әлем балалар әдебиеті).

Бұл кітапта әуелде оташы, кейіннен бірталай кемеге капитан болған Гулливердің дүниенің түкпіріндегі бірнеше елге жасаған қызықты саяхаттары баяндалған. Гулливер бірінші саяхатында Лилипутияға саяхат жасайды. Ол сол жерде лилипут тілін үйренеді, ол күніне 1720 адамның тамағын тұтынады. Лилипутиядағы адамдар оның сұқ саусағынан келеді, яғни олар өте кішкентай. Ал екінші саяхатында ол Лапутаға жол тартады. Ол жердегі адамдар өте үлкен, Гулливерден шамамен 10 есе үлкен. Одан кейінгі саяхатында ол бірнеше елге жорық жасайды. Ең қызық саяхаттарының бірі төртінші саяхаты. Бұл кезде ол адам емес гуигнгнмдар яғни жылқылар еліне барады. Ол жерде адам тәрізділерді жиіркенішті деп санайды. Бұл шығарма–бір жағынан әлеуметтік–саяси қарым–қатынастар жайындағы өткір мазмұнды роман–памфлет. Балаларға ғана емес, үлкендерді де терең ойға бастайтын сатиралық – философиялық тамаша туынды.

Share