Дені саудың – жаны сау

Дені саудың – жаны сау

Адамның денсаулығы — қоғам байлығы. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Сондықтан салауатты өмір салтын сақтау аса маңызды.

Бүгін кітапхана қызметкерлері қала мектептерінің біріне сапарлап, 7 сынып оқушыларына арнап салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Өмір қымбат білгенге» атты ақпарат сағатын ұйымдастырып қайтты.

Шара барысында зиянды әдеттердің адамзат баласына тигізер зардабы жайлы бейнежазба көрсетіліп, тұлға болып қалыптасуға ықпал ететін өміршең ережелеріне тоқталып, тамаша өмір сүрудің 10 кілтін атап айтты. «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы және «Болашақтан келген хат» ойыны арқылы қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Тақырыпқа сай мерзімді басылымдардан әзірленген кітап көрмесі де таныстырылды.  Шараны қатысушылар «Өмірім өз қолымда…» сөйлемін жалғастырту арқылы қорытындылады.

Share