11 наурызда Қазақстанда Балалар жылы аясында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Любовь Юрковаға және оның тәрбиеленушілеріне арналған «Детства босоного легкие следы» атты әдеби қонақжай өтті. Любовь Юрьевна – ақын, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, Интернационалдық Жазушылар Одағы мүшесінің кандидаты, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің, Бүкіләлемдік Жазушылар Корпорациясының мүшесі, «Поэзия – властитель языка» әдеби чатының администраторы.
Әркімнің өмірде өз мақсаты, өз орны бар. Өмірге қадам басқан жастарды үйрету – бұл талант. Любовь Юрьевна Юркова бүкіл өмірін балалармен байланыстырған. Онымен бірге балалар өз сезімдерін сөзбен жеткізе отырып, қоршаған ортаны сүюге үйренеді. Любовь Юрьевна көптеген жылдар бойы біздің өлкеміздегі талантты балалардың ұстазы болып табылады. Ол Шығыс Қазақстан педагогтарымен тығыз ынтымақтастықта, оның бастамасымен жас таланттар республикалық және халықаралық әдеби сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда және ол туралы республикалық, ресей басылымдарында жариялануда.
Кездесуде автордың орындауында, сонымен қатар оқушылары мен қаламдас достары ақынның өлеңдерін оқыды. Шараға Глубокое ауданының оқушылары қатысты. Любовь Юрьевна өзінің шығармашылық жолы, неліктен тәлімгерлік жолын таңдағаны туралы айтып, тәрбиеленушілеріне ақындық қабілетін дамытуға және әдеби салада жетістікке жетуге қалай көмектесу керектігі туралы құпияларымен бөлісті. Кездесу соңында барлық тілек білдірушілер Л. Ю. Юркованың қолтаңбасын алды.