Кітапханада жерлес жазушы Дидахмет Әшімханның 75-жыл толуына арналған «Дидарғайып Дидахмет» атты іс шара өтті. Аталмыш шараға Алматы қаласынан арнайы жазушының ұлы Дәулет Әшімхан келді. Марқұм Дидахмет Әшімханның «Сары самауыр» әңгімесінің желісі бойынша сары самауыр жанында әңгіме өрбіді. Кездесу барысында аталмыш шығармадан көрініс қойылып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Кешті Шығыс Қазақстан облысы Жазушылар одағының төрағасы, жазушы, Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, публицист Әлібек Қаңтарбаев жүргізді. Сондай-ақ шара қонағы айтыскер ақын Серік Құсанбаев жазушы туралы әңгімеледі.
Көрме ұйымдастырылып, онда оқырмандардың назарына Д.Әшімханның оқыған кітаптары ұсынылды. Сондай-ақ, жазушының кезінде сүйіп тыңдаған әндерін «Тұмар» тобы орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Кеш соңында Дәулет Әшімбаев марқұм әкесі туралы естеліктерімен бөлісіп, кітапхана ұжымына алғысын білдірді.
Аталмыш шараға БАҚ «Дидар» газетінің тілшілері, облыстық «ALTAI» телеарнасы шақырылды.