Евгений Вадимович Домашевпен кездесу

Евгений Вадимович Домашевпен кездесу

26 қараша күні кітапхана оқырмандары – өлке табиғатының сұлулығын ерекше бағалайтындар мен фотография өнеріне қызығушылар Шығыс Қазақстан облысының үздік фотографтарының бірі Евгений Вадимович Домашевпен кездесті.

Белгілі фотограф кітапхана оқырмандарына өлкеміздің көрікті әрі саяхатшылардың ең көп келетін жерлері – Подбелушье, Ивановский жотасы, Бұқтырма, Тайынты, Сауыр-Тарбағатай өңірлерінің әсем табиғаты туралы қызықты ақпараттар берді.

Евгений Вадимович – эколог, ол осы уақытқа дейін қанша рет саяхат жасаған болса, сонша рет өзінің квадрокоптерінің көмегімен табиғаттың ерекше сұлулығына, әсерлі болмысына көпшілікті тәнті етті.

Сондай-ақ, спикер жас фотографтарға өңіріміздегі тарихи орындар туралы қызықты фактілермен бөлісіп, көне кен, қазба орындарын зерттеу – өзінің жаңа қызығушылығына айналғаны туралы және өзі куә болған ерекше саяхаттары туралы сөз қозғады.

Спикердің әңгімесін өзінің экскурсия барысында жасаған қайталанбас фотожұмыстарының көрмесі толықтырып отырды.

Шараға қатысушылар мен болашақ фотографтар кеш қонағына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ізгі-тілектерін білдірді.

Share