Клубтық ағылшын тілі сабағы аясында халықтық ойындарға деген қызығушылықты дамытуға бағытталған іс-шара барысында балалар қазақ халқының “арқан тарту”, “көкпар”, “аударыспақ”, “бәйге” және т.б. ойын түрлері туралы білімдерін еске алып, бөлісті. Балалар ағылшын тіліндегі ұлттық ойындар туралы білімдерін жаңартып, сұрақтарға жауап бере алды және “спорт” тақырыбы бойынша сөздік қорын толықтырды. Сондай-ақ, қазақ ертегісінің кейіпкері Алдар Көсемен бірге оқырмандарымыз топтық ойындарға тікелей қатысып, спорттық шеберлікті, командалық рухты және жеңіске деген ынтаны көрсете алды. Сонымен қатар, балалар Алдар Көсенің ғажайып тоны туралы ертегіні тыңдап, тамашалай алды. Бұдан әрі клуб қатысушылары “асық”, “итеріспек”, “аңшылар”, “мерген”, “арқан тарту” сияқты ойындарды ойнай алды.