«Ер дәулеті-еңбек» атты кітапханалық журфикс

«Ер дәулеті-еңбек» атты кітапханалық журфикс

Кәсіп – бақыттың шырағы. Кәсібі мықты адамның өмірлік мақсаттары мен іс-әрекеттері нақтылана түседі. Бүгін кітапхана төрінде кәсібім – берекелі нәсібім дейтін ұстанымды серік еткен ерекше маман иелері қонақ болып, «Ер дәулеті-еңбек» атты кітапханалық журфикске қатысып қайтты. Қазіргі таңда ең танымал кәсіп түрлеріне айналған саланың бірі – фуд-флорист. Аталған маман иесі әртүрлі кепкен жемістердің көмегімен әдемі гүлшоқтарын безендіру арқылы сатып алушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Шара спикері фуд-флорист Жазира Сарсенбайкызы өзінің айналысып жүрген кәсібі жайлы кеңінен баяндап, студенттерге аталған мамандықтың пайдасы мен табысы жайлы жеткізді.Бүгінде тредтегі мамандықтардың бірі – мобилография. Кеш мейманы қаламыздағы видио жұмыстары танымалдыққа ие мобилограф Мұрагер Бердібекұлы сүйікті хоббиінің қыры мен сырын айтып, сапалы видио түсірудің жолдарын көрсетіп, өз мамандығы жайлы сыр шертті. Сондай-ақ тігінші «Altay Outwear» брендпен туризм мен белсенді демалысқа арналған киім мен жабдықтардың негізін қалаушы, жеке кәсіпкер Саят Бауыржанұлы өз өнімдері туралы толығымен баяндап, кәсібінің ерекшелігіне тоқталды.

Сонымен қатар студент жастар келелі шара барысында түрлі мастер класстарды меңгеріп, «Пирамида құрастыр», «Ән салшы, досым!»,

«Логотип & Мақал» ойындарын белсене ойнап, «Ашық микрафон» айдары арқылы спикерлерге өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, тәтті сыйлықтарға да ие болды. Жарқын жүздесу соңында қатысушылар мүмкіндігінше сәнге айналған мамандық соңынан жүгірмей, ақылға салып сұраныстағы маман иесі атанған абзал екендігін саналарына сіңірді.

Share