Жазғы лагерь

Жазғы лагерь

Жасыл желекті жаз мезгілін балдырғандар асыға күтеді.

Оқушылардыңжазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында кітапханамызда жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Жазғы лагердің алғашқы күні балалар ұйымшылдықтарын көрсетіп «біріміз – бәріміз үшін», деп топтық сайыстарда белсенділік танытып, қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс», «Асық ату», «Қызыл ту», «Ақсерек-көксерек» ойындарын ойнап, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Сондай-ақ шапшаңдық пен ептіліктерін талап ететін «Мысық пен Тышқан», «Ине, жіп», ойындарын ойнап, шара соңында қызықты мультфильм тамашалап, көңілді тарқасты.

Share