Жамбыл-жыр мұхиты

Жамбыл-жыр мұхиты

Кешегі бір сағат бір ғасырға жуық өмір сүрген, қазағын қара сөзбен қанаттандырып, жұртын жырымен жебеген Жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа арналды. Жастар орталығында  «Жамбыл-жыр мұхиты»  атты тақырыпта  киноtime өткізілді.    Онда Жамбыл атамыздың өмірі жайлы қысқа метражды «Жамбыл» фильмі көрсетілді. Жастарымыз фильмнен алған түйіндерін, ойларын ортаға салып,   өз араларында ойталқы жасады. Ақынның артына қалдырған мол мұрасынсыз елестету мүмкін емес, кітапхана қорындағы атамыздың кітаптарымен  танысып, ішіндегі қанатты сөздерін жадыларына сақтап,  ой өрістерін кеңейтті. Тұрақты оқырманымыз Қабжанов Рамазан «Ленинградтық өренім» өлеңін мәнерлеп  оқып берді.

Share