«Жарасымды қарым-қатынас» психологиялық тренинг

«Жарасымды қарым-қатынас» психологиялық тренинг

Кітапханада қызығушылықтары бойынша бірлестіктің қатысушыларымен «Жарасымды қарым-қатынас» атты психологиялық тренинг өткізілді.

Шара барысында  «Бақыт» фракциясы, «Смайлик», «Кім жылдам?» атты тапсырмалар ұсынылды. Көңілді сәлемдесуден басталған тренинг оқырмандардың зеректік қабілетін дамытуға, жылдамдыққа, шапшаң  дербес қимыл әрекетке үйретуге, көңіл-күйлерін көтеруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталды.

«Кім жылдам?» тапсырмасы оқырманның ойлау қабілетін дамытуға, зейінін, байқампаздығын арттыруға, өзара сыйластықты қалыптастыруға ықпал етеді.

Тұлға аралық қарым-қатынасты дамыта отырып, қатысушылардың бір-бірімен коммуникативті тұрғыда топ ұйымшылдығын арттыру, эмпатия сезімін, сенімділікті меңгеру басты назарда болды.

 

Share