Кітапхана қызметкерлері қаламыздағы ЖМК шағын ауданындағы аллеяда «Жастар кітап әлемінде» атты заманауи қоғамда оқудың пайдасы мен қажеттілігі туралы өзекті тақырыпта сұхбат өткізді. Онда «Жастар кітап оқиды ма, әлде мүлдем оқымайды ма? Қандай кітаптарды ұнатады? Зиялылар жазып кеткен мұралар мұрағатта құр босқа, шаң басып жатыр ма? Әлде жан ашыр жастар әлі де болса бар ма? Не себептен қазіргі буын мотивациялық кітаптарды оқуға бейім?- деген сұрақтарға жауап алды.
«Студенттер оқуын аяқтап, жазғы демалысында көркем әдеби кітаптарды оқуға қолайлы уақыт табады. Өз басым сөздік қорымды молайту үшін көбірек кітап оқуға тырысамын» – дейді Әзбаев Сұңғат.
Ал, Ержанқызы Айзат «Жастардың көп бөлігі, кәсіби білім ала жүріп, жұмыс істейді. Уақыттың тапшылығынан олар кітапханаға тек сабағына не жазба жұмысына қатысты әдебиеттерді қарауға барады.