Волков А. М. Жасыл қала сиқыршысы / А. М. Волков. – Алматы : Мазмұндама, 2024. – 248 б. : сурет. – (Балалар және жасөспірімдер кітапханасы)

Кейде ойламаған жерден беймәлім әлемге, белгісіз мекенге тап болуыңыз мүмкін. Александр Волковтың «Жасыл қала сиқыршысы» ертегісіндегі кішкентай Элли мен сүйкімді күшігі Тотошканы да долы дауыл бір-ақ сәтте сиқырлы қалаға әкеледі. Ойда жоқта ғажайып жерге жел айдап келген Элли басынан түрлі қызықты да қорқынышты оқиғаларды өткереді. Адал дос табады, зұлымдықты жеңеді, мейірім үшін, әділдік үшін күреседі. Үйге оралу деген ізгі арманының жолында талай сынақпен бетпе-бет келіп, батыл достарының арқасында Жасыл қаладағы ұлы сиқыршы Гудвинге де жетеді. Ал түрлі қиындықты еңсеріп келген достардың тілегін ұлы сиқыршы орындай алды ма?

Share