Жақсылық шамы

Жақсылық шамы

Қазақ деген ұлы халықтың тектілігі мен өршіл рухын жырға қосқан жас ақындар С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің филология факультетінің 3-курс студенттері Ернұр Жұматай, Шуақ Нөсерхан, Айбар Рамазанмен  «Жақсылық шамы» атты әдеби кездесу ұйымдастырылды. Шараға  Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектептің 7-сынып оқушылары қатысты. Жас ақындар өз туындыларын оқып,  сиясы кеппеген өлеңдерін оқырман қауыммен бөлісіп, басқа қырларымен танылып ән шырқады, күй шертті.

Қаламның қасиетіне бас иіп, сезімге толы сырын, желдей желбіреген жалынды жырларын ұштастыра білген жалынды жастарға тек биіктен көріне бер демекпіз!

Share