Жеті қазына – өмір қажеті

Жеті қазына – өмір қажеті

Жыл көлеміне жоспарланған «Жеті қазына – өмір қажеті» атты кітапханаішілік бағдарламасы табысты жүзеге асырылды. Аталмыш бағдарлама аясында бірнеше кезеңге бөлініп, әртүрлі форматта ұйымдастырылған іс-шаралардың негізгі мақсаты қазақ өміріндегі ер жігіттің тұлғасын айқындау, халқымыздың сан ғасырдан бері атадан балаға мирас болып келе жатқан жеті қазынасы – жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік ұғымдарының мазмұнын ашу болды.
21 желтоқсан күні сағат 15:00-де кітапхана қызметкерлері оқырмандарға арнап «Жеті қазына – өмір қажеті» атты қорытынды шара ұйымдастырылды.
Этноквест қатысушылары күрделі сынақтардан тұратын, «жеті қазынаның» бір немесе бірнеше қырын ашатын үш тақырыптық алаңнан өтті. Алаңның бірінде балалар Ахмер ауылының тұрғыны, бүркітші Хамитжанов Архат Қиялбекұлымен кездесіп, асырауындағы қыран бүркітпен танысты.. Келесі алаңда қайнар көзі тереңде жатқан фольклор туралы ақпараттар берілді. Ойынға қатысушылар отпен аластау дәстүріне куә болып, «Тайқазаннан» ұсынылған сұрақтарға жарыса жауап берді, шара соңында қара жорға биін билеп, ақсақалдан бата алды. «Білім қазынасы» алаңында дайындалған зияткерлік сұрақтар ең ақылды және білімді балаларды анықтады. Ұйымдастырылған кітап көрмесі дұрыс жауаптарды табуға таптырмас көмек болды.
Квесттің қорытынды кезеңі «Жылы лебіздер алаңында» болды, онда әр тілек білдіруші шарадан алған әсері бойынша «бір минуттық эссе» оқыды.
Share