Жаздың жайдарлы күнінде кітапханашылар кезекті «Жолдағы кітаптар сапары» атты шараны өткізуге аттанды. Шара «Өскемен-Алтай» бағытындағы жолаушылар поезында өз жалғасын табуда.
Кітапханашылар жолаушыларға демалыс уақыттарын тиімді өткізу үшін кітаптарды сыйға тартып, пайдалы ақпараттар бар үнпарақтар таратып, мерейтой кітаптарымен таныстырды және кітап оқуға шақырды.