Әдебиет әлем әміршісі

Әдебиет әлем әміршісі

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы  құнды кітаптарды сақтап қана қоймай, оны насихаттап, көпшілікке қолжетімді болуы үшін  әр түрлі іс шараларды атқаруда. Соның бірі «кітапханалық туризм» бағдарламасы аясында «Solux Express» ЖШС қолдауымен “Жолдағы кітаптар сапары” акциясының кезекті сапарын Өскемен → ст. Черемшанка-Риддер

бағытындағы поездың жолаушыларына арнады. Жолаушыларға   кітап оқудың заманауи букридер «Электронды ридер» немесе «қалтадағы оқу залы» кітаптарды электронды мүмкіндіктерін ұсындық.

Букридерлерге  қысқа көлемде жазылған танымал әлемдік, қазақ және орыс классикасының, мектеп бағдарламасына сәйкес әдеби шығармаларын арнайы жүктедік.

 Кітап оқуға уақыт табу көбіне қиын. Жұмыстан шаршайсыз,әлемнен шет қалмау үшін интернетте сағаттап отырасыз, теледидар қарауға көп уақыт жұмсайсыз, ал жолда бос уақытымыз көп, оны тиімді пайдаланып кітап оқуға кішкене уақытыңызды бөлсеңіз  ғажап  емес пе?- деп айта келе кітапханашылар   жолаушыларға кітапхана  қорындағы әдебиеттерді  оқуға кеңес бере отырып, жолда оқуға QR код арқылы өлкеміздің ақын-жазушылардың кітаптарын смартфон арқылы оқи алатындықтарын айтып, көрсеттік.

#жолдағыкітаптарсапары #книгавдорогу #vkolibrary

 

Share