Жыр-ғұмыр

Жыр-ғұмыр

Бүгін кітапханамызда «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» жобасы аясында өлкеміздің тумасы, ақын Арғынбек Апашбайұлының туғанына 140 жыл толуына орай ақынның шөбересі Өмірбек Жеңісұлымен «Жыр – ғұмыр» атты кездесу өтті. Кездесу барысында оқырмандарға ақынның өмірі, шығармашылығы, ұрпаққа қалдырған жыр – мұрасы туралы мол ақпарат берілді. Сондай-ақ, шара барысында студенттердің қатысуымен ақынның өлеңдері  оқылып, Бақытбек Бекболатұлы ақынның сөзіне жазылған «Жер – адамның анасы» термесін орындады.

Share