Жүрегімен жыр жастанған ақындар

Жүрегімен жыр жастанған ақындар

Жүрегімен жыр жастанған ақындар үшін өлең – өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы сияқты. Көктемнің шуақты күнінде кітапхана төрін сұлу өлең әлдиледі. Жыр кешіне жер жәннаты – Жетісудан келген кейіпкеріміз, ақын,  Журналистер одағының мүшесі “Жетісу” газетінің руханият бөлімінің меңгерушісі – Асыл Сұлтанғазы құрметті қонақ болып қайтты. Кездесудің қадірлі қонағы ретінде Асылдың әдеби ортасы – қаламдас, замандас достары шақырылды. Жылы жүздесу  автор шығармашылығының бір белесі десек дөп айтқанымыз. Сыр-сұхбат барысында ол өзінің әдебиет әлеміндегі алғашқы қадамы, жетістіктері,  туралы кеңірек толғанды. Шара кітапхана қызметкері, жас айтыскер ақын Аян Қалымбектің арнау жырымен ашылды.  Әдеби кеш барысында “Шабыт” студенттер театрының өнерпаздары жас ақынның бірқатар өлеңдерін оқып, оқырмандарға әсерлі көңіл-күй сыйлады.  Сондай-ақ «Жігітке жеті өнерде аз» екендігін дәлелдеп, өзінің «сегіз қырлы бір сырлы» екендігін бүгінгі біздің кейіпкеріміз «Ала доп», «Мақал + Футбол», «Тапқырлық таныт!» ойындарын ойнау барысында көрсете білді. Асылдың  қаламдас достары оны  бүгінгі шығармашылық кездесуімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Ерекше кешке куә болған шара қатысушылары өз ризашылықтарын білдіріп, көңілді тарқасты.

Share