Жұмақ мекен

Жұмақ мекен

Бүгін кітапханамызда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» республикалық газеттері ұйымдастырған «Атамекен» экспедициясының қатысушылары оқырмандармен кездесті. Кездесу спикерлері – республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлы, «Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Нұрхат Тоқтарханұлы, «Ұлан таңы» газетінің журналисі Қуат Русланұлы және облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Балауса Мэлсқызы көпшілік оқырманға тағылымға толы сапарлары жайлы баяндап, сол сапардан алған әсерлерімен бөлісті.

Экспедиция мүшелерінің Көкпекті және Ұлан аудандарына саяхаттары туралы әңгіме қатысушылардың қызығушылықтарын тудырып, кітапхана оқырмандары Толағай тауы туралы аңызды естіп, Сібе көлдері мен тылсымға толы астраномиялық-археологиялық кешен Ақбауыр жайлы қызықты ақпараттар алды. Сондай-ақ, оқырмандарға ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған Апырым байдың дала кітапханасы туралы да мол мәлімет берілді.

Share