Қазақ әуелден «Келіні жақсының керегесі алтын» деп босағадан аттаған жас келіннің тәрбиесі мен көрген-түйгеніне мән берген. Ғасырлардан келе жатқан осы үрдіс бүгін де өз маңыздылығын жойған жоқ. Оған «Дәстүр мен ғұрып» арнаулы жобасының аясында өткен «Super келін» атты сайыс тағы бір рет дәлел болды.
Сайыста; «Мен келінімін қазақтың» (таныстыру , қай руға келін болып барғаны, өзі қай рудан шыққанын айта кету), «Халқын сүйген – салтын сүйер» (қазақтың ұлттық салт- дәстүрін көрсету;бесікке салу,қырқынан шығару, тұсау кесу,ат қою т.б), «Өнерлі келін -сүйкімді» (өз өнерлерін көрсету), «Қонақ күте білеміз бе?» (дайындап алып келген тағамдарын айтып қорғау), «Келін пысық болуымен сүйкімді» (берілген уақыт ішінде қамыр жаю), «Ойлы болсаң, озып көр!» (сұрақтарға жауап бер), «Қылығына сай екен киімдері-ай» (келінге сай киім үлгісін көрсету) шарттары бойынша жан-жақты дайындығымен келген келіндер өздерінің ерекшеліктерімен танылып, көптің көңілінен шықты.
Сайыс қорытындысы әділқазылардың бағалауы бойынша,
- «Нағыз қазақ келіні» – 2023 жыл -Жакина Б. Т.
- «Инабатты келін» – Жұманова Ф. С.
- «Өнерлі келін» – Рысханова Ж. А.
- «Шебер келін» – Хамитова А. С.
наминациясы бойынша диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.
Келіндер сыйлықтарына демеушілік көрсеткен,
Алтынбек Талғатбекович
Тимур Талғатұлына және әріптестерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз!
Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, береке – бірлік тілейміз!