Кенжеғұлова Нарбин – филология ғылымдарының кандидаты, аудармашы, сценарист, журналист, жазушы.
Кенжеғұлова Нарбин 1948 жылы 26 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген.
1974 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті).
1987-1989 жылдары баспалар және БАҚ редакциялары істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, кейін жетекші редактор болып жұмыс істеді.
1989 жылы оны Қазақстан Жазушылар одағындағы әлемдік тілдерге аудару алқасының жанындағы Бас редакция жанындағы аударма бөлімінің меңгерушісі қызметіне шақырады.
1992 жылы Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы «Әлем» альманахының редакторы. 1994 жылы «Астана дауысы. Голос столицы» газетінің бас редакторы болды.
1994-1996 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де аға редактор, доцент, журналистика факультеті деканының орынбасары.
2001 жылы «Журналистика» мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.
2003-2014 жылдары Халықаралық Бизнес университетінің (Алматы) «Журналистика және гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жоғарыда аталған университеттің «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының доценті.
Марапаттары:
- «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») Республикалық журналының лауреаты (1978) ;
- «Жастар техникасы» Бүкілодақтық журналының лауреаты (1979);
- «Техника молодежи» Бүкілодақтық журналының лауреаты (1979);
- Ағайынды Гонкуров атындағы ғылыми фантастика бойынша халықаралық әдеби сыйлығы
- (Париж, 1987);
- Оралхан Бөкеев атындағы Республикалық әдеби сыйлығы;
- Ахмет Байтұрсынов атындағы Республикалық журналистік сыйлығы (2006);
- Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын самұрық» сыйлығы (2008);
- «Дарабоз» Халықаралық әдеби сыйлығы (2013).
Балалар әңгімелерінің алғашқы жинағы:
- «Мойылқара» («Черная смородина») балалар әңгімелерінің алғашқы жинағын ол 1982 жылы жазды және шығарды, содан бері 20-дан астам кітап жарық көрді.
- Олардың ішінде: «Таңбалы тас» («Наскальное изображение»), «Қиын шешім» («Трудное решение»), «Тозақтың табалдырығында» («На пороге ада»).
Н. Кенжеғұлованың көркем шығармалары:
- Шығыс жұлдыздары [Мәтін]: энциклопедиялық анықтамалық. 1-т. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары / құраст .: Ұ. Есдәулет, Қ. Құрмансейіт, Д. Кәпұлы ; ред. Қ. Құрмансейіт. – Астана: Фолиант, 2011. – 304 б.: фотосуреттер
- Кәусар бұлақ [Мәтін]: балаларға арналған хикаяттар, өлеңдер, әңгімелер мен ертегілер. 7-ші кітап / ред. С. Қалиұлы; суретші А. Айтжанов. – Алматы: Баянжүрек, 2013. – 274 б.: суретті. – (Жүлде алған шығармалар).
- Жаңарған жаңа жыл [Мәтін]: өлеңдер, әңгімелер / ред. Е. Өтетілеуұлы; суретшісі О. Фалькова. – Алматы: Балауса, 1994. – 13 б.: суретті
- Кенжегулова, Н. Затерянный аул [Текст]: научно-фантастическая повесть / Н. Кенжегулова // Нива. – 2013. – № 1. – С.141-148; Нива. – 2013. – № 1. – С. 156-185
Н. Кенжеғұлованың ғылыми сипаттағы кітаптары мен басылымдары
- Кенжеғұлова, Н. Бұл заңды құбылыс [Мәтін] / Н. Кенжеғұлова // Қазақ әдебиетi. – 2011. – 4 – 10 қараша. – Б. 4.
- Кенжеғұлова, Н. Бұл алып-қосары жоқ ақиқат [Мәтін] / Н. Кенжеғұлова // Қазақ әдебиетi.- 2012. – 23 – 29 наурыз. – Б. 13.
- Кенжеғұлова, Н. Болашаққа сенiм артқан [Мәтін] / Н. Кенжеғұлова // Қазақ әдебиетi. – 2015. – 16 – 22 қаңтар. – Б. 15. – Абдул-Хамид Мархабаевтың шығармашылығы жайында
- Кенжеғұлова, Н. Желтоқсан көтерiлiсiнiң мәртебесi айқындалды ма? [Мәтін] / Н. Кенжеғұлова // Заң: Республикалық құқықтық, ғылыми-практикалық журнал. – 2016. – № 12. – Б. 25-27.
- Кенжеғұлова, Н. Фантастиканың ертеңi [Мәтін] / Н. Кенжеғұлова // Қазақ әдебиетi. – 2017. – 17 – 30 наурыз . – Б. 19.
- Кенжеғұлова, Н. Шығармашылық бағытты болжайтын сыншылар әзiрше аздау [Мәтін] / Н. Кенжеғұлова // Қазақ әдебиетi . – 2017. – 21 – 27 сәуiр .- Б. 3.