Би өнері қыз баланы сұлулыққа, әсемдікке, еңбекке баулиды. Ол этика мен эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, жанға қуат сыйлайды.
Осы мақсатты басты назарда ұстаған “Керім-ай” би тобының жас бишілерінің қатары күн сайын артуда.
Кезекті сабақта олар классикалық би ырғағының аяқ қадамдарын қайталап, заманауи би түрін меңгерді.
Бекзат өнерді бойларына дарытқан жас таланттар осылайша сахна мәдениетінің де қыр-сырымен танысуда.