ЖМК-дағы ойын алаңдарының бірі бүгін жұмбақ су асты әлеміне айналды. Дүниежүзілік дельфиндер мен киттер күні кітапханашылар “Читающие дома” жобасының қатысушыларымен бірге осы экологиялық мерекені атап өтіп, теңіздер мен мұхиттарды мекендеушілерге назар аударды. Шынында да, олардың ірілігі мен күшіне қарамастан, олар өте қорғансыз. Бұны әрқашан есте сақтау керек!
Балалар мерекенің тарихын ғана емес, сонымен қатар кашалоттар, бүкір, көк, сұр, жолақты киттер мен нарвалдар, дельфиндердің ең үлкен өкілдері және кит тәрізділер арасындағы нағыз жыртқыштар – касаткалар туралы қызықты деректерді білді. Киттер «хормен ән айта» алады екен, ал дельфиндер ең «сөйлейтін» кит тәрізділер болып саналады. Олар түрлі дыбыстар шығарады.
Жұмбақтарды, кроссвордтарды шешкеннен кейін балалар “ойнақы дельфиндер” және “көңілді киттер” командаларына бөлініп, «Море волнуется раз…», «Угадай кто?», «На морском дне» атты қызықты теңіз жарыстарын өткізді, «В порту» мульфильмінен барлығы бірге «А дельфины добрые…» әнін шырқады. “Кемежайда» «Я познаю мир» әдеби сериясына және су әлемінің тұрғындары туралы басқа да кітаптарға библиодайвинг жасады.