Киік сезім

Айтхожа, Марфуға. Киік сезім : өлеңдер, поэмалар, балладалар / М. Айтхожа. – Астана : Фолиант, 2022. – 312 б. 

Қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы Марфуға Ғалиқызы Айтхожина ұлт әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар сыршыл ақын. Көрнекті ақын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Алғашқы өлеңдер жинағы «Балқұрақ» деген атпен 1962 жылы жарияланады. Кейіннен әр жылдары «Шыңдағы жазу», «Жастық шақ», «Аққуым менің», «Қаракөз айым», «Баянжүрек», «Көзімнің қарасы», «Ақ бесігім», «Жарқыра, менің жұлдызым», «Қыран жеткен», «Таңдамалы», «Сағыныш сазы», «Жапырақ сілкінген кеш», «Аңсау», «Аққу журек» өлеңдер жинақтары жарық көрді. Ал бірқатар шығармалары болгар, поляк, венгр, чех, парсы және тағы басқа тілдерге аударылған. Ақынның бұл жыр жинағы да көпшілік оқырманға арналған.

Share