«Кітаппен өткен бір күн» әдеби сағаты

«Кітаппен өткен бір күн» әдеби сағаты

Өлке жазушыларының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Кітаппен өткен бір күн» әдеби сағаты ұйымдастырылды.  Шара барысында оқырмандар жерлес жазушы Дидахмет Әшімханұлының «Зауал» әңгімесімен танысты.
Қатысушылар таңдау әдісі арқылы топтарға бөлінді. Әңгімені үзіліспен оқып, «Лабиринт» сұрақтарына жауап беріп әңгіменің мазмұнын ашса, «Мозайка» құрастыруда автордың оқырманға айтар ойын талдады. Кезекті «Бұл не?» тапсырмасында шығарма желісі бойынша ұсынылған суреттерге сипаттама беріп, табиғатта алатын орны туралы пікірлерін білдірді. Шығармадан өздеріне өмірлік сабақ алғандарын дәлелдеді. Шара соңында әр оқырман өмірлік ұстанымдарын жеткізді.
Share