Кітаптың өзі бір әлем!

Кітаптың өзі бір әлем!

Әлемдегі қызықтың бәрін, қоршаған ортаны, жаратылыс сырларын табиғат ғажайыптарын, адам қолымен жасалған кереметтің бәрін кітаптан табуға болады деп айта келе, кешегі күні студенттер үйіндегі «Кitap style студиясындағы» жастармен бірге  «Кітаптың өзі бір әлем!» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.

«Кітап» тобының спикері Әсель Қабылғазықызы «Үйде кітап жоқ деген сөз – денемде жаным жоқ деген сөзбен бірдей»,- деген Цицерон айтқан нақыл сөзді мысалға келтіріп,  кітапсыз — адам өмірі бос, барлық білім – кітапта» деп сөз бастады.

«Ғаламтор» тобының спикері Молтанов Диас «Біздің ұстанып отырған позициямыз «Ғаламтор керек, дәл қазіргі заманда ең қажетті құрал. Ол арқылы әлемнің қай бұрышында болсаңда жылдам әрі тез ақпараттар аласың»- деп қарсыластарына жауап берді.

Әлемде қанша адам болса сонша пікір болады. Әр нәрсенің тек жақсы жақтарын алайық деген ұйғарымға келіп, шара соңында қызықты кітаптарды парақтады.

 

Share