Кітапханадағы қымызхана

Кітапханадағы қымызхана

«Кітапханадағы қымызхана» бағдарламасының кезекті кездесуі отбасы хрестоматиясына айналған «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабымен танысудан басталды. Мейрамның рухани маңыздылығы және этнографиядағы, тарихтағы, мәдениеттегі жауһарлар туралы ой бөліскен шара қонақтары тың ақпараттармен де қанықты. Наурыз мейрамын атап өтудің биылғы тұжырымдамасы негізінде 17 наурыз – «Шаңырақ» күні «Алтын шаңырақ» иелері, ұлағатты ұстаздар Бидельмановтар отбасы қонақта болып, отбасы тәлімі туралы өнегелі әңгіме айтты. Кездесу жастарды «Адал азамат» құндылықтарына тәрбиелеуге ықпал етеді.

 

Share