Шахин, Ә. Ы. Кішкентай дәрігер. Алғашқы көмек көрсетуді қалай үйрендім? [ағыл. тіл. ауд. М. Кенжебай] . – Астана: Фолиант, 2023. – 32 б.: суретті.

AR+ қолтанбасы бар «Кішкентай дәрігер» атты бұл кітапта алғашқы көмек көрсету жолдары айтылады. Қазіргі заманда кеңінен танымал ұялы телефон немесе планшет сияқты технологиялық құрылғыларды пайдалана отырып, кітаптағы бейнелерді кеңейтілген шындық түрінде көруге болады. Кішкентай оқырман мәтінді оқи отырып, аяғын жарақаттап алған Айдынға Айшаның қалай алғашқы көмек көрсеткені 3D форматта тамашалай алады. Қосымшаны жүктеу үшін ұялы телефоныңыздың камерасымен кітаптағы QR кодты сканерлеңіз.

Share