Кішкентай ханымдар

Олкотт, Луиза Мэй. Кішкентай ханымдар : Роман / Л. Олкотт . – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2021. – 360 б.

Луиза Мэй Олкоттың атақты «Кішкентай ханымдар» романы балалар әдебиетінің әлемдік классикасына айналған. Апалы-сіңлілі төрт қыздың балалық шағы жайлы оқиғалар желісі талай ұрпақтың жан дүниесін жаулаған. Романдағы оқиға XIX ғасырдың аяғында Америкада өтеді. Марч әулетінің апалы-сіңлілері – сұлу Маргарет, ер мінезді, жайсаң Джо, мейірімді Бесс және жаны нәзік Эмидің әрқайсысының өз арман-мақсаты, тілегі бар. Олардың ортақ тілегі ата-аналарының сүйіспеншілігіне лайық болғысы келеді. Бұл кітап көктемнің таңғы шапағы, бұлақтың сыңғыры іспеттес. Одан даршын мен балалық шақтың иісі аңқиды, күлімсіреп еске алатын көптеген оқиғаларды көз алдыңа әкеледі.

Share