Материалдық емес мәдени мұраларымызды өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында кітапхана қызметкерлері Өскемен қаласының З.Ахметов атындағы № 16 мектептің 8 сынып оқушыларына « атты тақырыптық кеш ұйымдастырды. Кеш барысында күйдің шығу тарихы туралы ақпараттар беріліп, әр дәуірде дүниеге келген дарынды ұлы күйшілер мен қазіргі заманауи күйшілер таныстырылды. Сондай-ақ қатысушылар жазушылар, ақындар, суретшілер болып топқа бөлініп «Адасқан ноталар» «Домбыры үні» «Аспапты тап» ойындарын ойнап, түрлі қызыққа кенелді.
Аталмыш шарада аңыз оқиғалар баяндалып, «Қорқыт күйі», «Асан қайғы», «Ақсақ құлан», «Нар идірген», «Аңшының зары» күйлерінің тарихы сонымен қатар шертпе күй мен төкпе күйдің айырмашылығы жайлы бейнеролик көрсетілді. Шара соңында берілген ақпараттар «wordwall» ойыны арқылы қорытындыланды. Оқушылардың танымды іс-шарадан алған әсерлері ерекше болды.