Жоба жас оқырмандарды қазақстандық және шетелдік авторлардың шығармаларымен қызықты түрде таныстыруға және балаларды оқуға баулуға, естіген мәтінді ойлы, аналитикалық түрде игеріп, көрсетілген сюжетті қадағалай білуге бағытталған. Сонымен қатар, қойылымды көру балалардың қиялын дамытуға және шығармашылықпен айналысуға тың серпін береді.